Айрақты кен орны
кезеңі
Айрақты кен орны 1979 жылы ашылды. 8 терең және 10 құрылымдық ұңғымалары бұрғыланды. Төменгі перм кенінен 3-11 мың м3/тәу газ құйылымы шықты. Екі ұңғымада (507 және 509) 19,1 мм шайбасынан газ дебиті 77 және128 мың м3/тәу құрады, төменгі визей кені 7 ұңғыма арқылы тексерілді. № 1Г, 6Г, 11Г ұңғымаларының газ дебиті 9-27 мың м3/тәу құрады (19,1 мм максималды шайбасынан). КСРО Пайдалы қазбалар қоры мелекеттік комитетінде №8884 протоколымен 2012жылдың 27 қарашасында газ қоры 1 268 млн.м3 көлемінде бекітілді.
2006-2013 жылдары ЖТНТ-2D сейсмобарлау зерттеу жүргізілді, №1Г, 4Г және 6Г ұңғымалары қалпына келтіріліп, ҚСЖ жүргізілді, 200, 100 және 105 мың м3/тәу газ дебиті алынды, бастапқысынан 8-10 есе жоғары.
2011 жылы «Айрақты кен орнын бағалау жұмыстары жобасы» орындалып, ҚР ӨжОК №335 протоколымен 09.01.2012ж бекітілді, Амангелді кен орнында секілді Айрақты кен орнының газ қоры 9-10 млрд. м3 құрайды деп күтілуде. 2013ж Айрақты кен орнында №8 бағалау ұңғымасының құрылысы басталды және 2013ж кен орнының қорын есептеп, тәжірибелік-өндірістік пайдалануға еңгізілуі жоспарланып отыр.