«Амангелді Газ» ЖШС-нда 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды
«Амангелді Газ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу барысында бас директор Еркен Қасеев атқарылған жұмыс қорытындысы мен компания қол жеткізген нәтижелер туралы есеп берді.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны бола отырып, «Амангелді Газ» ЖШС, қолданыстағы келісімшартқа сәйкес, барлау жасап, Амангелді, Айрақты, Анабай, Жарқұм, Құмырлы, Ушарал-Ушарал Солтүстік, Кемпіртөбе кен орындарындағы және Барханная-Сұлтанқұдық, Құмырлы-Қосқұдық учаскелеріндегі келісімшарттық аумақтың шеңберінде көмірсутек шикізатын барлап және оларды өндіруді жүзеге асырады.
Еркен Қасеев жұмыскерлерді еңбек ету үшін жасалған жағдай туралы хабардар етті. Ол жастар жылы жас мамандарды дамытудың 4 модульді «Жаңа ойлар. Жаңа эмоциялар. Жаңа іс-қимыл» бағдарламасы әзірленіп, іске қосылғандығы туралы атап өтті.
Алғаш рет «Амангелді Газ» ЖШС өндірістік персоналының Шу-Сарысу жұмыскерлерінің арасында «Үздік маман-2019» конкурсы электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер және слесарь – жөндеуші сияқты кәсіптер бойынша өткізілді. Барлығы 12 жұмыскер қатысты.
Есепті кездесу барысында «Амангелді Газ» ЖШС бас директоры 2019 жылға арналып жоспарланған негізгі жұмыстармен жұмыскерлерді таныстырып, оларды толғандыратын сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.