Fitch «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады
Нұр-Сұлтан қ. 2019 ж. 09 тамыз. Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – ҚТГ) мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Болжам – «тұрақты».
«Рейтингтерді растау арқылы, біз ҚТГ-ның кредиттік қабілеттілігі 2018 жылы PetroChina International Company компаниясымен 5 жылдық келісімшарт жасасқаннан кейін Қытайға газ экспорттаудан түсетін пайда үлесі ұлғаю себепті дербес негізде елеулі жақсарғанын растаймыз. ҚазТрансГаздың бизнес-кәсібі Қазақстанның газ тасымалдау және тарату сегментінде компанияның үстем позициясымен көрініс тапса, экспорттың қосымша көлемдері ішкі нарықтағы реттеуші органдар тарапының талаптарын орындаудан туындаған шығындарды әртараптандыруды қамтамасыз етеді және левериджының төмендеуін және 2019-2021 жылдары қаржылық профильді анағұрлым нығайтатын болады. Нәтижесінде ҚТГ дара кредиттік қабілеттілігі «bb» деңгейінен «bbb-» деңгейіне ауысты, – деп хабарлайды Fitch Ratings агенттігі.
ҚТГ рейтингі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) рейтингін арттырған кезде, ҚТГ-мен мықты байланыстарды сақтаған немесе ҚТГ автономды кредиттік қоржынын нығайтқан кезде көтерілуі мүмкін.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ рейтингтерін растау ҚТГ мен оның 100 пайыз еншілес құрылымдары арасындағы байланыстарды мықты екендігінің бағалауын көрсетеді, бұл осы еншілес құрылымдардың ҚТГ рейтингтерімен бір деңгейдегі ретингтерін шоғырландырады» – делінген ақпаратта.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.