4,4 млрд м3
газ өндірудің
жинақталған көлемі
324 мың тонна
газконденсат өндірудің
жинақталған көлемі
47,5 млрд м3
газдың
геологиялық қоры
43
газ өндіруші
ұңғыма
3
кен орындары
пайдалануда

Компания туралы

Амангелді кен орны 1975 жылы ашылды және Қазақстан Республикасының Жамбыл облысының Мойынқұм  ауданында, Тараз қаласынан 170 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнының  пайдалануы 2003 жылдың 23 қазанында басталды.

«Амангелді Газ» ЖАҚ 2003 жылдың тамызында құрылды. 2003 жылдың 15 тамызындағы «КазТрансГаз» АҚ-мен «Операторды тарту туралы келісімі» шарттарына сәйкес «Амангелді Газ» ЖАҚ келісімшарттық аумағында, соның ішінде «Амангелді» газконденсатты кен орнын пайдалану және объектке техникалық қызмет көрсету бойынша Операторы болып есептеледі. 2005 жылдың 25 тамызында «Амангелді Газ» ЖАҚ «Амангелді Газ» ЖШС өзгертілді және оның барлық құқығы мен міндетінің мұрагері болып табылады. 2012 жылдың 2 шілдесінен бастап «Амангелді Газ» ЖШС келісімшарттық аумағында жер қойнауының пайдаланушысы болып саналады.

Толығырақ