Жаңалықтар

Президент газ және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

31.12.2019

Президенттің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңды қабылдау табиғи газды кеңінен пайдалану бойынша негізгі іс-шараларды  және энергия тапшы өңірлерде маневрлік қуатты қалыптастырумен байланысты  электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Заң ұлттық операторға газды және газды конденсатты кен орындарында көмірсутектерін барлауды және өндіруді жүзеге асыру бойынша функцияларды береді.

Бұл құжат мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру үшін газ пайдаланатын инвестжобаларға арналған газға бағаны бекітуге мүмкіндік береді. Газ тұтынуды ұлғайту және оны қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ газ саласын одан әрі дамыту қажеттілігі Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. 

Сонымен қатар заңға «көтерме саудада өткізу», «өнеркәсіптік тұтынушы – инвестор», «тұтынушы», «мұнай-газ химиясы өнімдері» ұғымдарын нақтылау бойынша түзетулер енгізілді. 

Өзгеріс уәкілетті органға  мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі инвестжобалар тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттіліктер бөлу туралы мәселеге де қатысты.


Соңғы жаңалықтар