"ҚазТрансГаздың" Амангелді кен орнындағы тоғыз табысты жылы 14.03.2013ж

Тоғыз жыл бұрын, 2003 жылдың 23 қазаныңда, "ҚазТрансГаз" АҚ республикамыздың оңтүстігінде орналасқан орасан зор "Амангелді" газконденсатты  кен орнын  пайдалануға беру жобасын жүзеге асырды, ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.

Тоғыз жыл ішінде Серіктестік  Қазақстан мамандарының күшімен оңтүстік  өңірін газбен қамтамасыз етуге үлкен қадам жасады, сонымен қатар "ҚазТрансГаз" келісімшарттық аумағының ресурстық базасын ұлғайтуды жоспарлап  отыр. Ашылу салтанатына дейін "ҚазТрансГаз" АҚ мамандарының күшімен  ұңғыманы бұрғылау, кен орнының нысандарының құрылысы, ұзындығы 193 километр КС-5 торапты газ құбырының құрылысы  сияқты дүбірлі жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, "ҚазТрансГаз" Жамбыл облысының тұрғындарын және жылу беретін мекемелерін тоғыз жылдан бері сапалы табиғи газбен толық қамтамасыз етіп келе жатыр. Сонымен қатар Амангелді жобасы өзінің геологиялық сипаттамасы бойынша Қазақстан жеріңде аналогы болмағандықтан бірегей болып табылады. Сонда да, бұл жоба Қазақстан мамандарының күшімен және Қазақстан компаниясының қаржысына жүзеге асырылды: "ҚазТрансГаз" тек өндіру қызметін ғана емес, сонымен бірге отандық кадрларды болашақта жаңа газ кен орнын игеруге және пайдалануға даярлайды.

Қазіргі кезде, тоғыз жылдан соң, кен орнында 24 ұңғыма пайдалануда және тағы екуінің құрылысы аяқталуға жақындап қалды. Табиғи газдың орташа тәуліктік өндіру мөлшері 900 мың текше метрге жуық, ал газ конденсатының мөлшері 220 мың тонна шамасында. Сонымен, "Амангелді" кен орнын игерудің арқасында "ҚазТрансГаз" республикамыздың оңтүстік аймағының энергетикалық тәуелсіздігіне жетуге маңызды қадам жасады. Сонымен қатар, компанияның шығаратын өнімінің сапасын кен орнында орналасқан аккредитацияланған зертхана бақылайды, оның қорытындысына сүйене отырып "Амангелді" газының құнарлығы импортталатын өзбек газының құнарлығынан 5-10% жоғары деп айта аламыз.

"ҚазТрансГаз" өзінің жеткізілімдерінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін ерекше зейін бөледі - газ және конденсатты өндеу жоспары әрдайым орындалып тұрады, сонымен қатар шығарылған өнімнің сапасы үнемі МСТ 5542-87  "Өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстыққа арналған жанар газы" және ЖШС СТ 395524618-01-2007 "Амангелді" кен орнының газ конденсаты" талабына сәйкес келеді. "ҚазТрансГаз" АҚ-ның қызметінің экологиялық құрамдас бөлігі республикадағы ең үздіктердің қатарына жатады: газ қалдығын пайдаға асыру бағдарламасының ішінде  Жамбыл облысының кен орнында сұйытылған пропан-бутон қоспасын өндіретін, жобалық өнімділігі жылына 4,38 миллион текше метр газ даярлау қондырғысы сәтті жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде, газ жаңған алауда пайда болатын зиянды заттектің  атмосфераға шығарылуы төмендетілді.

Компанияның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі жаңа жұмыс орындарының ашылуы- онда 200 маман еңбек етеді, көбі Тараз қаласының тұрғындары. Сонымен, ұлттық кадрлардың жаңа газ кен орнын игеруіне және пайдалануына қатысу үшін компания республика территориясында негізгі потенциалды құрды. "ҚазТрансГаз"АҚ-да сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті және ҚР СТ ИСО 9001-2009, 18001-2007 и 14001-2006 талабына келісті экологиялық менеджмент жүйелері жұмыс істейді. "Амангелді" кен орнында жұмыс 15 күнге созылатың вахталық әдіспен ұйымдастырылған. Кен орнында вахта қызметкерлеріне баянды еңбек, толық демалыс және салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған: онда жабдықталған тұрғын блоктар, асхана, медициналық пункті, кір жуатын бөлме, қоймалар, мәдениет-спорт кешені, арнайы техника үшін жылы бокс, қазандық және басқа қалыпты тіршілікке керекті нысандар бар.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы бойынша өз қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтының насихатына елеулі зейін бөледі. Амангелді кен орнының вахта кентінде мәдениет-спорт кешені қазіргі заманға сай жаттығу құрылғысымен және спорт жабдығымен жабдықтандырылған. Осы жылы Мұнай-газ саласының қызметкерінің кәсіптік мейрамының қарсаңында кәсіподақ мүшелерінің күшімен кен орнында жасанды көгалымен кішігірім футбол алаңы салынды. "Амангелді Газ" ЖШС-нің командасы "ҚазТрансГаз"АҚ –ның топтары арасында өтетін жазғы және қысқы спартакиадасына үнемі қатысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен, дене шынықтыруға және спортпен шұғылдануға спорт инфрақұрылымын қол жетімді ету үшін келесі кен орнының ашылу күніне Серіктестік "Амангелді" кен орнында Жамбыл облысындағы "ҚазТрансГаз"АҚ-ға тәуелді ұйымдарының қатысуымен, Талас және Мойынқұм аудандарының өкілдері арасында мини-футболдан жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 26-27 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасы бойынша "ҚазТрансГаз"АҚ –ның Амангелді газ кен орнының даму жұмыстары жалғасуда, "Амангелді Газ" ЖШС-не келісімшарт аумағының жер қойнауының пайдаланушысының құқығын иеленуімен қосымша импульс берілді.

Өндірілетін газ көлемін көбейту мақсатымен компания ресурстық базаны көбейтуді көздеп отыр: сол себептен Айрақты кен орнында және Барқан алаңындағы – Сұлтанқұдық пен Қосқұдық құрылымдарында іздеу және бағалау ұңғымаларын бұрғылау, ал Анабай кен орнында сейсмобарлау зерттеу жоспарланып отыр. Атқарылған жұмыс нәтижесінде компанияның табиғи газ ресурстық базасының 18-20 миллиард текше метрге көбеюі күтіледі. Жаңа кен орындарының кезеңді еңгізілуі өндірудің көлемінің өсуін жылына 600-650 миллион текше метрге дейін және біраз уақыт бойы табиғи газдың тұрақты жеткізілімің қамтамасыз етеді. Қорытындылай отыра "ҚазТрансГаз"АҚ  Жамбыл облысының газ кен орындарын игеру қызметі соңғы тоғыз жыл ішінде осы аймақтын экономикасын және тұрғындардың әл-ауқатын жоғарлатуға елеулі жағымды әсерің тигізіп келеді деп сенімді айта аламыз.