"Амангелді Газ" ЖШС келісімшарттық аймағы туралы ақпарат
2000 жылдың 12 желтоқсанында "ҚазТрансГаз" ЖАҚ және Қазақстан Республикасының инвестиция агенттігі Жер қойнауын қосарлы барлау және көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі Келісімшартқа қол қойды, актінің мемлекеттік тіркеу №611, №1-6 кейінгі толықтырмаларымен.
12.12.2000 жылғы №611 Келісімшартының 12.07.2012 жылғы №7 толықтырмасына сәйкес "Амангелді Газ" ЖШС жер қойнауының пайдаланушысы құқығын иеленді.
2006 және 2010жылғы қайтарудан кейінгі келісімшарттық аймақтын көлемі 2025,53 км2 құрады, соның ішінде: Амангелді кен орны – 56,85 км2, Жарқұм кен орны – 26,78 км2, Айрақты кен орны – 169,89 км2, Анабай-Малдыбай аймағы – 274,41 км2, Құмырлы-Қосқұдық аймағы – 241,85 км2, Бархан-Сұлтанқұдық аймағы – 642,54 км2, Кемпіртөбе кен орны – 228,94 км2 және Үшарал-Солтүстік Үшарал кен орны – 384,17 км2.
Келісімшарттық аймағының жалпы бекітілген геологиялық газ қорының көлемі – 47575,0 млн. м3 құрайды, соның ішінде көмірсутек газы – 31706,3 млн.м3, азот – 15457,0 млн.м3 және гелий – 55,085 млн.м3, сонын ішінде ең ірі және зерттелген Амангелді кен орнында 01.01.2006 жылы жүргізілген қайта есептеуден кейін көмірсутек газының жалпы геологиялық қоры 25021,0 млн. м3 құрайды, соның ішінде С1 категориясынан – 18952 млн. м3 және С2 категориясынан – 6067 млн. м3.
Амангелді кен орны
Амангелді кен орны 1975 жылы №1 іздеу ұңғымасын бұрғылау арқылы ашылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға 2003 жылдың қазанында берілді. ТӨП мерзімінде 22 ұңғыма (101-122) бұрғыланып, 3 барлау ұңғымасы (2Г,6Г,16Г) қалпына келтірілді. 2007 жылдың 14 желтоқсанынан Амангелді кен орны өнеркәсіптік барлау кезеңіне ауысты.
2007 жылы "НИПИнефтегаз"АҚ қорының есебі жургізіліп, ҚР Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен 15.11.2007ж №632-07-У протоколында бекітілді. Газ қоры С1 категориясынан – 18952 млн.м3, С2 категориясынан 6067 млн.м3 құрады.
1 000 000 мың м3 (1 млрд. мәре) табиғи газ 07.09.2007ж өндірілді, 2 000 000 мың м3 (2 млрд. мәре) 28.07.2010ж табиғи газ өндірілді.
Бүгінгі таңда 26 ұңғыма (101-124, 2Г, 6Г, 16Г) пайдалануда, тәуліктік орташа газ өнімділігі 820,5 мың м3, газ конденсатының өнімділігі 50,4 тонн құрайды.
№125 ұңғымасының құрылысы жүргізілуде, бұрғылау жұмыстары қыркүйек айының екінші декадасында аяқталады. 24.08.2013ж (шамамен азанғы сағат 6-7) 3 000 000 мың м3 табиғи газ, 235 865 тонн газ конденсаты өндірілуі күтіледі.
Айрақты кен орны
Айрақты кен орны 1979 жылы ашылды. 8 терең және 10 құрылымдық ұңғымалары бұрғыланды. Төменгі перм кенінен 3-11 мың м3/тәу газ құйылымы шықты. Екі ұңғымада (507 және 509) 19,1 мм шайбасынан газ дебиті 77 және128 мың м3/тәу құрады, төменгі визей кені 7 ұңғыма арқылы тексерілді. № 1Г, 6Г, 11Г ұңғымаларының газ дебиті 9-27 мың м3/тәу құрады (19,1 мм максималды шайбасынан). КСРО Пайдалы қазбалар қоры мелекеттік комитетінде №8884 протоколымен 2012жылдың 27 қарашасында газ қоры 1 268 млн.м3 көлемінде бекітілді.
2006-2013 жылдары ЖТНТ-2D сейсмобарлау зерттеу жүргізілді, №1Г, 4Г және 6Г ұңғымалары қалпына келтіріліп, ҚСЖ жүргізілді, 200, 100 және 105 мың м3/тәу газ дебиті алынды, бастапқысынан 8-10 есе жоғары.
2011 жылы "Айрақты кен орнын бағалау жұмыстары жобасы" орындалып, ҚР ӨжОК №335 протоколымен 09.01.2012ж бекітілді, Амангелді кен орнында секілді Айрақты кен орнының газ қоры 9-10 млрд. м3 құрайды деп күтілуде. 2013ж Айрақты кен орнында №8 бағалау ұңғымасының құрылысы басталды және 2013ж кен орнының қорын есептеп, тәжірибелік-өндірістік пайдалануға еңгізілуі жоспарланып отыр.
Жарқұм кен орны
Жарқұм кен орны 1973жылы, №1 ұңғыманы бұрғылау арқылы ашылды, кейін №2 және №3 ұңғымалары бұрғыланды. 2006 ж ЖТНТ-2D сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді (қума метр). Сейсмобарлау жұмыстарынан алынған мәліметтері бойынша "Жарқұм кен орнын қайта барлау жобасы" әзірленді және 2 барлау ұңғымасы бұрғыланды (№4,5).
2006 жылы №1Г ұңғымасы қалпына келтіріліп, 140мың м3 (С1v1) газ дебиті алынды, 2009 ж №2Г ұңғымасы қалпына келтіріліп, 24мың м3 (С1v1) газ дебиті алынды. №4 ұңғымасында ҚСЖ жүргізіліп, 25 мың м3 (C1sr) газ дебиті алынды. 2010ж жүргізілген ГБЖ нәтижесінде көмірсутек шикізатының қоры есептеліп, ҚР Мемлекеттік қор комитетінде С1 категориясынан 1,273 млрд. м3 газ көлемінде бекітілді, 833 млн.м3 құрғақ газ шығарылымымен.
"Жарқұм кен орнын тәжірибелік-өндірістік пайдалануға беру жобасы " 2013ж орындалды, жобалық жұмыстары жүргізуліде: Амангелді – Жарқұм газ құбырының құрылысы, Жарқұм кен орнын жайластыру жұмыстары жүріп жатыр. Кен орны тәжірибелік-өндірістік пайдалануға 2014ж беріледі деп жоспарланып отыр.
Анабай кен орны
Кен орнында 9 іздеу ұңғымалары бұрғыланды, іздеу ұңғымаларын сынау барысында жанар газ құйылуы шықты. Визей қабаттарындағы газ кені өндірістік мағынасы бар кен орны болып бағаланды. 1980 ж КСРО ГеоМин ОҚК бастапқы С1 категориясынан 3120 млн. м3 газ көлемінде бекітілді. 01.01.1984ж газ көлімі С1 категориясынан 1170.5 млн.м3 құрады, қордың С1 категорясынан азаюына есептік аумақтан дебиті төмен ұңғымалардың шығарылуы себеп.
2007ж "Анабай кен орнын қайта барлау жобасы" әзірленіп, "Анабай кен орнындағы барлау ұңғымаларының құрылысы жөнінде топтық техникалық жоба " дайындалды. 2006 ж 2D сейсмобарлау (28 қума метр), 2008-2009 жылдары аймақтық 2D қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2011жылы №4 барлау ұңғымасы қалпына келтірілді, тереңдетілген гидравликалық жару жүргізілді.
2012-2013 жылдары геологиялық-құрылымдық құрылысын анықтау үшін 50,0 км2 көлемінде 3D сейсмобарлау зерттеу жүргізілді. Деректер талдау кезеңінде.
2013ж қорды есептеу және кен орнын тәжірибелік-өндірістік пайдалануға беру жөнінде жобалық жұмыстар басталды. Болжалды газ қоры 3-4 млрд. м3 құрайды.
Қосқұдық құрылымы
Қосқұдық құрылымы 1968ж ашылды, өнімді турней қабатында бір газ кені табылды. 1969ж Құмырлы құрылымының қорының есебі КСРО Мемлекеттік қор комитетіне (28.04.1969ж №5679 протокол,) С2 категориясынан 9 273 млн. м3 көлемінде ұсынылды, зерттеу жұмыстары жетіспегендіктен бекітілген жоқ. №2 және 3 ұңғымаларында қарқынды жұмыстарынан кейін газ қоры Мемлекеттік баланспен С1 категориясынан 1 533 млн. м3 көлемінде бекітілді.
2009-2010 жылдары 233,76 қума метр көлемінде толық ЖТНТ-2D сейсмобарлау жұмыстары орындалды. Нәтижесінде геологиялық құрылымы дербес геологиялық нысан ретінде анықталды. Бір барлау ұңғымасын (Rek 1) бұрғылау және Құмырлы құрылымының геологиялық ерекшелігін айқындау үшін қосымша ЖТНТ-2D сейсмозерттеу жүргізу ұсынылды. 2011ж "Қосқұдық құрылымының бағалау жұмыстары жобасы" әзірленді.
2013ж Қосқұдық құрылымында №1-К бағалау ұңғымасының құрылысы жүргізілуде. Болжалды қоры 7-8 млрд.м3 құрайды.
Сұлтанқұдық құрылымы
2009-2010 ж Сұлтанқұдық құрылымынды толық ЖТНТ-2D сейсмобарлау жұмыстары орындалды. Сұлтанқұдық, Батыс Қашқынбай және Қашқынбай бірыңғай Сұлтанқұдық құрылымына біріктірілген.
Сұлтанқұдық құрылымында девонның фамен қабатында, тұзды төменгі перм қыртысында, перспективалық аймақ анықталды.
Фамен төменгі тас көмір разрезін қайта зерттеу үшін Сұлтанқұдық құрылымынан шығыс және солтүстік жағына қарай ЖТНТ-2D сейсмикалық іздеу жұмыстарын жалғастыруға ұсыныс берілді.
2011жылы "Сұлтанқұдық құрылымында іздеу жұмыстары жобасы" орындалып, 09.01.2012ж ҚР ОБК №336 протоколымен бекітілді. Болжалды қор көлемі 36,05 млрд. м3, сонын ішінде 26,13 млрд. м3 көмірсутек газ, 9,92 млрд. м3 оқшау газ.
2013ж №3-С іздеу ұңғымасының құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Үшарал, Кемпіртөбе, Батыс және Солтүстік Үшарал кен орындары
Үшарал, Кемпіртөбе, Батыс және Солтүстік Үшарал кен орындарының оқшау газ қабатын өндеуге "СП ГЕООЙЛСЕРВИС ҚАЗАҚСТАН" ЖШС технико-экономикалық негіздеме әзірледі.
"Амангелді газ"АҚ келісімшарттық аймағын кешенді қайта зерттеуге "Caspian Contractors Trust" ЖШС дайындаған алдын-ала технико-экономикалық негіздемесі орындалды.
ТЭН қаралған мәселелер:
- Азотты тынайтқыштар өндіретін химия зауытының құрылысы, өтелу мерзімі 2 жыл;
- 60350,0 АҚШ $ күрделі қаржы жұмсап, криоген қондырғысын 11 жыл бойы пайдалану арқылы гелий және азотты өндіру. Осы параметрлерді және 2005ж есептеу бағаларын ескере отырып, бұл қондырғы 3 жылдан кейін пайда әкеледі.
Негізгі пайдалану мерзімі аяқталған сон Үшарал және Кемпіртөбе кен орындарын AG=943 млн. м3 сақтау параметрлеріне сәйкес жерасты газ қоймасы ретінде пайдалануы қарастырылуда.