Қызметкерлердің әлеуметтік қолдауы

"Амангелді Газ" ЖШС-нің қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелері акциялар пакеті "Самұрық-Қазына"ҰК меншігіндегі  Ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың  қызметкерлеріне және басқа заңды тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету саясатына сәйкес әзірленген. 30.04.2009ж "Самұрық-Қазына" ҰК Басқармасының шешімімен бекітілген ережелер тиімді жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасауға, жоғары мамандықты қызметкерлерді шақыру және алдағы уақытта қызмет атқаруына жағдай жасау үшін арналған.

Ережелер "Амангелді Газ" ЖШС-нің штаттық құрамына кіретің қызметкерлердің бәріне таралады.

Материалдық жәрдем қызметкерлерге Серіктестіктің қаржысынан, Ережелерге сәйкес келесі жағдайларда төленеді:

  • жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңінде денсаулығын жақсарту үшін;
  • сәбиді дүниеге әкелгенде немесе асырап алғанда;
  • бірінші рет үйленген кезде;
  • сәби бір жасқа толғанға дейін бағып күткенде;
  • қызметкердің 50, 60 жасқа толған мерейтойына.