01.03.2013
"ҚазТрансГаз"АҚ бизнес-тәуекелдіктерін басқару жүйесін автоматтандыру пилотты жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жобаның орындалуының барысында тәуекелдікті басқару автоматтандырылған модулі алты ай мерзіміне орнатылды, осы уақыттын ішінде бағдарламалық өнім компанияның бизнес-процессіне сәйкестірілді",- деп баспасөз қызметі хабарлайды.
" ҚазТрансГаз" АҚ-ның тәуекелдікті басқару жүйесін автоматтандыру пилотты жобасының орындалуы бүкіл мекемеде және компания топтарында айқындалған тәуекелдіктердің есебінің жүргізілуің жетілдіреді, анализ және тәуекелдікті бағалау, тәуекелдіктің маңыздылығына қарай оны сапқа түзеу, сондай-ақ шараларды тағайындау, жұмыс барысын, орындалудын баяндылығын және басшылық алдында есептілікті бақылау процесстерін жақсартады ", - деп хабарламада айтылған.
Осы тәуекелдікті басқару жүйесінің арқасында компания операциялық тиімділікті тәуекелдіктің орындалу деректері туралы ақпаратты жылдам алу, қолданған шаралардын тиімділігін қадағалау, тәуекелдікті басқару бағдарламасының құрылу процессін автоматтандыру (сауалнама жіберу, шара жоспарларын толтыру, тәуекелдік дерекқорын жүргізу, есептеме жасау) арқылы жоғарлатуды көздеп отыр. Модуль жұмысы онлайн тәртібінде болғандықтан тәуекелдікті төмендету шараларының орындалу мәртебесін, тәукелдікке жауапты тұлғаларды ескерту жүйесін және тағы басқа процесстерін қамтып көрсетеді.
Нарықтық экономика шартында сәтті күнелту үшін компания техникалық жаңалықтарды еңгізуге, таптаурын емес әрекеттерге бел буу керек. Бұл пилотты жоба тәуекелдікті басқару процессін автоматтандыруынан алынатын тәжірибе жағынан және тәуекелдік мониторинг жүйесін жетілдіру мүмкіндігі, тәуекелдіктің пайда болуына және дамуына шапшаң әрекет ету, тәуекелдікті төмендету шаралары жағынан да тиімді", - деді "ҚазТрансГаз"АҚ-ның басшы директоры Серік Сұлтанғали.
Автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйені еңгізу туралы пилотты жоба «КазТрансГаз» АҚ, «Demetrics Risk Management Solutions» ЖШС және «Prime Source» ЖШС арасында қол қойылған мақсаттары жөнінде меморандумы бойынша жүзеге асырылды. Бұл мекемелерді қызметтестікке таңдау негізі осы компаниялардың Қазақстан нарығындағы жоғары беделі, олар біріктірілген IT-шешімдерінің, бизнес-жүйелерінің ірі өндірісшілері және процесстерді автоматтандыру және бағдарламалық жасақтама еңгізу жолымен бизнестің нәтижелілігі мен жүйелеуің жоғарлату саласында көшбасы болып табылады.