"Амангелді Газ" ЖШС 10 жыл

Мерейтой

Құтты болсын!

Дастарқаны берекелі, қонақжай үй иесінің есімі брендке айналды. 74 жасар Амангелді Бакежанов "Амангелді Газ" ЖШС  10 жылдық мерейтойының құрметті қонағы болды. Амангелді ата өзінің жасынан  15 жылға жас көрінеді.

Алғашқы жер астындағы кенді іздеу жұмыстары жүріп жатқанда, мен жас малшы болатынмын, деп ақсақал еске алды. – Бұл қырық жыл бұрын болған оқиға, геологиялық барлау жұмыстары менің қыстағымның жанында жүргізілген. Жігіттерді тоңған кезде самаурыннан ыстық шайға, кешке қуырдаққа немесе бешбармаққа шақыратынмын. Біз дос болып кеттік. Бұл 5-6 жыл жалғасты. Жер астынан газ тапқан кезде геологтардың қуанғаны әлі есімнен кетпейді. Олар бұл жерді менің есіміммен атауға  шешіпті. Мен олар қалжындап тұрған шығар деп ойладым, алайда рас болып шықты. Адамдардың есімімен көшелерді, ауылдарды, қалаларды атап жатады, ал менің есімімен газ кен орнын атады. Бұл үлкен құрмет. Мен Талас ауданының Ойық ауылында тұрамын. Аллаға шүкір, тоғыз балам, немерелерім, шөберелерім бар. Мені мерейтойларына шақырғандарына өте қуаныштымын. Оларға өзімнің ақсақал ретінде ақ батамды беріп, өркендеуін тілеймін.

Мұнда жемісті еңбекке лайықты жағдай жасалғаның атап өту керек. Айнала құм екеніне қарамастан, вахта кентінде әр үйдің жанында гүлзар бар, қалын ағаштардың көлеңкесінде адамдар демалады. Көкті суғаруға, техникалық мұқтаждықтарға ұңғымадан алынған су пайдаланылады, ал қызметкерлер тек бөтелкедегі суды ішеді.

Қызметкерлер жұмыстан бос уақытында футбол алаңында доп тебеді, бильярд ойнайды, жаттығу құрылғысында жаттығады. Мұнда спортқа құрметпен қарайтыны осы жылдың тамызында делелденді, "Амангелді Газ" командасы "КазТрансГаз"АҚ ұйымдастырған спартакиадасында бірінші орын алды. Вахта кентінің аймағында тек арнайы тағайындалған жерде темекі шегуге болады, бірақ жылдан жылға онда азырақ адам жиналады.

Вахта кенті мен кен орны далада орналасқан, мұнда улы жәндіктер, жыландар тағы басқа қауіпті ұсақ мақұлықтар емін-еркін өмір сүреді. Уәлиев Құлмағамбет - газ шығару жөніндегі шеберінің айтуынша адамдар тұратын және жұмыс істейтін аймақты үнемі залалсыздандырады, бірақ сонда да сақтансан сақтайды. Күніне екі рет қызметкерлерді толық тексеруден өткізеді – ауысымға дейін және ауысымнан кейін, киімнің бүрмесінде жасырынған қарақұрт, кене сияқты шақырылмаған қонақты алып келмеу үшін. Дәрігерлер әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Серіктестік бірінші мерейтойын вахта кентінде молынан тойлады. "Амангелді Газ" ЖШС жиырмадан астам қызметкерлері  адал еңбегі және компанияның қалыптасуына жеке үлесін қосқан үшін Құрмет мадақтамаларымен марапатталды. Олардың ішінде қазандық қондырғысының операторы Исқалиев Ғалымжан, КИП және автоматика бойынша слесарі Дмитрий Головин, пульт операторы Бақытжан Алтынбаев, техникалық қызметкері Қарлығаш Көшекова және тағы басқалары бар. "ҚазТрансГаз" АҚ Бас Директоры Серік Сұлтанғали әріптестерін жеке өз атынан құттықтады:

-Бүгінгі күнде біз үш миллиард текше метрден астам газ өндірдік, - деп Бас директор қорытындылады. – Бұл Амангелді кен орнының жобалық қуатының тек уштен бір бөлігі. Бұрғылау жөніндегі жоспарлы жұмыстары жалғасуда. Ірі сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. Жақын арада "Жарқұм", 2015 жылы – "Айрақты", 2016 жылы – "Анабай" газ кен орындарын пайдалануға еңгізуді жоспарлап отырмыз. Біздің мекемеде тек осы облыстан ғана емес, басқа да облыстардан келген үздік қызметкерлер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Амангелді газы Жамбыл облысының мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Қазанның үші күніне 3 миллиард 33 миллион 736 мың текше метр газ өндірілді.

Сәуле Сейдахметова "Знамя Труда"